Басты бет  /  Авторларға / Қолжазбаларға қойылатын талаптар

Қолжазбаларға қойылатын талаптар

«САРДАР» журналында жарияланатын қолжазбаларға қойылатын техникалық талаптар.

01 Жалпы талаптар

Жариялауға бұрын еш жерде жарияланбаған, тақырыпқа сәйкес, ғылыми жаңалығы бар және автордың өзіндік зерттеу нәтижелерін қамтитын маңызды ғылыми еңбектер қабылданады. Тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.

Құрылымы: атауы, аннотация, түйінді сөздер, негізгі ережелер, кіріспе, мақсат, материалдар мен әдістер, нәтижелер және оларды талқылау, қорытынды, қаржыландыру туралы ақпарат (бар болса), дереккөздер тізімі.

Көлемі: 5–10 бет, аннотация, түйінді сөздер, кестелер, суреттер мен библиографияны қоса. ӘОЖ және ҒТАМА индекстері міндетті.

02 Теру параметрлері

MS Word 2016–2021 мәтіндік редакторы.

Бағыты
кітап
Форматы
А4
Шеттері
жоғарғы және төменгі — 20 мм, сол — 30 мм, оң — 15 мм
Қаріп
Times New Roman, 12 пт
Интервал
бір аралық
Туралау
беттің ені бойынша
Абзац
шегінісі 1,25 см («Tab» және «Бос орын» пайдаланбай)

Рұқсат етілмейді:

  • беттерді нөмірлеуге;
  • бет үзілімдерін пайдалануға;
  • автоматты бет сілтемелеріне;
  • автоматты тасымалдауға;
  • сирек немесе тығыздалған әріп аралығына.

03 Орналасуы мен рәсімделуі

  • Сол жақ жоғарыда — ӘОЖ индексі, астында ҒТАМА; төменде ортада қалың қаріппен — автордың тегі мен аты-жөні; одан төмен курсивпен — ұйымның толық атауы (қысқартусыз).
  • Мақала атауы — ортада, бас әріптермен, қалың қаріппен (МЕМСТ 7.5-98).
  • Ақпарат үш тілде қайталанады. Аннотация — 100–150 сөз, түйінді сөздер — кемінде бес.
  • Кестелер нөмірленіп, атауы үстінде көрсетіледі; иллюстрациялар суреттер түрінде сілтемеден кейін орналасады; графика — кемінде 300 dpi.
  • Формулалар — Microsoft Equation-да, ортада, нөмірлері оң жақта жақшада; декодтау «қайда» сөзінен басталады.
  • Дереккөздер тізімі — МЕМСТ 7.1-2003 және МЕМСТ 7.32-2017 бойынша; сілтемелер төртбұрышты жақшада; тізімнен кейін — авторлар туралы мәлімет.

ЖИ қолдану. Жасанды интеллект (ChatGPT және ұқсас құралдар) тек көмекші құрал ретінде — мәтінді тілдік, стилистикалық және редакторлық өңдеу үшін рұқсат етіледі.

Ғылыми жаңалықты тұжырымдау, мәселе қою, деректерді талдау, нәтижелер мен қорытындыларды түсіндіру үшін ЖИ қолдануға болмайды. Мазмұн үшін толық жауапты автор; ЖИ бірлескен автор бола алмайды.

04 Өзге шарттар

  • Түпнұсқалықтың ең төменгі деңгейі — 75 %.
  • «Мемлекеттік құпиялар туралы» ҚР 15.03.1999 ж. № 349-1 Заңын сақтау; қажет болса — МҚҚ қызметінің сараптамалық қорытындысы.
  • Барлық мақалалар міндетті жасырын рецензиядан өтеді.
  • Талаптарға сай емес қолжазбалар жеке кабинет арқылы қайта өңдеуге қайтарылады.
  • Материалдар сайтына жүктеледі.