Басты бет  /  Журнал туралы

Журнал туралы

Әскери-стратегиялық бағыттағы рецензияланатын ғылыми басылым, 2008 жылдан бері шығады.

«САРДАР» ғылыми журналы «Әскери-стратегиялық зерттеулер орталығы» АҚ тарапынан 2008 жылдан бастап тоқсан сайын жарық көреді.

Журналдың мақсаты — геосаясат, халықаралық және ұлттық қауіпсіздік, әскери, әскери-техникалық, қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар саласында ғылымды дамытуға бағытталған ғылыми-зерттеу материалдарын жариялау.

Тақырыптық бағыттар

  1. Геосаясат, халықаралық және ұлттық қауіпсіздік.
  2. Әскери өнер және қарулы күштерді құру.
  3. Қару-жарақ және әскери техника.
  4. Әскери тарих, әскери оқыту және тәрбиелеу мәселелері.

Тіркеу деректері

Баспагер
«Әскери-стратегиялық зерттеулер орталығы» АҚ
Негізі қаланған
2008
Мерзімділігі
тоқсан сайын (жылына 4 рет)
Тілдері
қазақ, орыс, ағылшын
ISSN
2071-2707

Қазақстан Республикасында тіркелуі. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі, 2008 жылғы 20 қараша, № 9680-Ж (алғашқы тіркелу — 07.08.2008, № 9442-Ж). 2008 жылғы 1 қыркүйектен бастап тоқсан сайын шығады.

Халықаралық тіркелуі. ISSN Халықаралық орталығы (ЮНЕСКО, Париж), 2008 жылғы 6 қараша, ISSN 2071-2707.

СҚК тізбесі. ҚР ҒЖБМ Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының 2023 жылғы 23 маусымдағы № 316 қбп бұйрығы.