Басты бет  /  Авторларға / Авторларға арналған нұсқаулық

Авторларға арналған нұсқаулық

Мақаланы жариялаудың негізгі талаптары және ғылыми мақаланың құрылымы.

01 Жариялаудың негізгі талаптары

  • Журналдың мерзімділігі — жылына 4 рет. Бір нөмірде автор қосавторлықпен қоса екіден артық мақала жариялай алмайды.
  • Мақалалар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде, бұрын баспа және/немесе электрондық түрде жарияланбаған болуы керек.
  • Барлық мақалалар редколлегия құрамына кірмейтін тәуелсіз рецензенттердің міндетті жасырын рецензиясынан өтеді. Нәтижесі бойынша мақала қайта өңдеуге жіберілуі мүмкін.
  • Мақаланың қабылданған күні ретінде редакцияның соңғы нұсқасын алған күні есептеледі.
  • Редакция мақаланың мағынасын бұрмаламайтын редакторлық түзетулер енгізуге құқылы.
Жариялау құны бір мақала үшін — 10 000 (он мың) теңге.

02 Ғылыми мақаланың құрылымы

  1. ӘОЖ (УДК)
  2. МРНТИ
  3. Автор(лар)дың аты-жөні. Негізгі автор (хабарласатын автор) жұлдызшамен (*) белгіленеді.
  4. Жұмыс орны
  5. Хабарласатын автордың электрондық поштасы
  6. Мақаланың атауы
  7. Аннотация үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын) — 300 сөзден аспауы керек.
  8. Түйінді сөздер үш тілде (жеке сөздер; сөз тіркестері қабылданбайды).

03 Мақаланың толық мәтіні

  • Кіріспе
  • Зерттеу мақсаты
  • Зерттеу міндеттері
  • Зерттеу материалдары мен әдістері
  • Нәтижелер және оларды талқылау
  • Қорытынды
  • Пайдаланылған дереккөздер тізімі
  • Авторлар туралы мәлімет

04 Авторлар туралы мәлімет

Көрсетіледі: толық аты-жөні, ғылыми дәрежесі, атағы (бар болса), қызметі, аффилиациясы (ұйым атауы), қала, ел, әскери атағы (бар болса), e-mail, ORCID (бар болса).

Мақаланы ұсынған автор корреспондент-автор болып саналады және мақалаға қатысты барлық хат алмасуды жүргізеді.

Сайтта мақала тапсыру