Редакциялық саясат

Материалдарды іріктеу, қос жасырын рецензиялау және жариялау қағидаттары.

01 Жалпы ережелер

«САРДАР» — ҚР ҒЖБМ Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынған, «Әскери ғылымдар» бағыты бойынша ғылыми қызметтің негізгі нәтижелерін жариялауға арналған тізбеге енген рецензияланатын басылым.

02 Журналдың мақсаты мен міндеттері

Мақсаты. Геосаясат, халықаралық және ұлттық қауіпсіздік, әскери, әскери-техникалық, қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар саласындағы ғылымды дамытуға бағытталған ғылыми-зерттеу материалдарын жариялау.

Міндеттері:

  • озық ғылыми зерттеулердің нәтижелерін тарату;
  • әскери және гуманитарлық ғылымдардың өзекті мәселелері бойынша кәсіби ғылыми пікірталас қалыптастыру;
  • зерттеушілердің, оқытушылардың, сарапшылардың кәсіби дамуына ықпал ету.

03 Жарияланымның тақырыптық бағыттары

  1. Геосаясат, халықаралық және ұлттық қауіпсіздік.
  2. Әскери өнер және қарулы күштердің құрылысы.
  3. Қару-жарақ және әскери техника.
  4. Әскери тарих, әскери оқыту мен тәрбие мәселелері.

04 Мақалаларға қойылатын талаптар

  • Бұрын жарияланбаған, ғылыми жаңалығы бар, өз зерттеу нәтижелерін қамтитын мақалалар.
  • Көлемі 5–10 бет, аннотациясы, түйінді сөздері және құрылымы: кіріспе, мақсат, материалдар мен әдістер, нәтижелер, талқылау, қорытынды, дереккөздер тізімі.
  • Қазақ, орыс немесе ағылшын тілдеріндегі мәтіндер (Times New Roman 12 пт, бір интервал, УДК, МРНТИ және т.б.).
  • Материалдар мемлекеттік құпияны қамтымауы тиіс; қажет болса — ЗГҚ қызметінің сараптамалық қорытындысы қоса беріледі.

Талаптардың толық мәтіні журнал сайтында орналастырылған.

05 Рецензиялау саясаты

Барлық келіп түскен мақалалар тақырыбына мамандануы барынша жақын тәуелсіз сарапшылардың міндетті қос жасырын рецензиясынан өтеді. Мүмкін шешімдер:

  • мақаланы жариялауға қабылдау;
  • мақаланы қайта өңдеуге қайтару;
  • мақаланы қабылдамау.

06 Жариялау әдебі

Журнал COPE (Committee on Publication Ethics) ұсынымдарына негізделген жариялау әдебінің қағидаттарын ұстанады:

  • плагиатқа жол бермеу;
  • ақпарат көздерін міндетті түрде көрсету;
  • зияткерлік меншікке құрметпен қарау;
  • мүдделер қайшылығын ашу;
  • мемлекеттік құпияны қорғау туралы ҚР заңнамасын сақтау.

07 Түпнұсқалық саясаты

Барлық мақалалар «Антиплагиат» жүйесі арқылы мәтін түпнұсқалығына тексеріледі. Түпнұсқалық деңгейі — кемінде 75 %.

08 Редакцияның жауапкершілігі

Редакция мыналарға құқылы:

  • тақырып пен ресімдеу талаптарына сай емес материалдарды қабылдамауға;
  • мағынасын бұзбай әдеби өңдеу мен қысқартуға;
  • бас тарту жағдайында жазбаша жауап бермеуге.

09 Авторлардың жауапкершілігі

Авторлар мыналарға толық жауапты:

  • мақаланың түпнұсқалығы мен плагиаттың болмауына;
  • фактілердің, статистикалық деректер мен дәйексөздердің шынайылығына;
  • мемлекеттік құпия туралы ҚР заңнамасын сақтауға.

10 Мақала тапсыру тәртібі

Материалдар журнал сайтындағы электрондық жүйе арқылы тапсырылады. Қабылдау, қайта өңдеу қажеттігі немесе бас тарту туралы автор жеке кабинет арқылы хабарланады.